24
апрель
2019
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Бүгінде мектебімізде балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және соған бағытталған профилактикалық сипаттағы шаралар жиі өткізіліп отырады.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Ел болашағы балалар десек, зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылатындықтан зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар мектебімізде өз жалғасын таба береді демекпіз.