1-сыныпқа музыка пәнімен бірге өткізілген кіріктірілген сабақ » "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-13-20
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-13-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-сыныпқа музыка пәнімен бірге өткізілген кіріктірілген сабақ
27
март
2017

1-сыныпқа музыка пәнімен бірге өткізілген кіріктірілген сабақ


 

 23.02.2017 жылы бастауыш сынып 1 «а» сыныбында көркем еңбек, музыка пәндерінен «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ болды. Ондағы басты мақсат: шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану, әндерді музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындау. Сабақ ұйымдастырылып, ынталандыру сәті «Тұлпарым» әнімен басталды. Оқушылар жылдың 4 мезгіліне байланысты асықтармен топқа бөлінді. Сабақта белсенді әдістердің бірі «Т» кестесімен жұмыс жүргізілді. Осы жыл мезгілдеріне байланысты қазақ халқының 4 той: Наурызтой, Қымызмұрындық, Сабан той, Соғым басы тойлары бойынша оқушылардың ойлары тыңдалды. Кішкентай шеберлердің  үлкен құпияларына тоқталып өттік. «Ойлан, тап» ойынына да кезек берілді. Тағы бір белсенді әдістердің бірі топтық жұмыс, онда  шығармашылық жұмыстар орындалды. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын қарапайым тәсілмен  таныстырып, қорғай білді. Шілдехана, сүйінші салт-дәстүріне байланысты ребустар шешкізілді. Оқушылар қызығушылықпен орындады. Үштілділік: бесік жыры-колыбельная, lullaby-қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренді. Қазақтың халық әні асықпай, сазды, жұмсақ орындалатын «Бір бала» әні тыңдалды. Қазақтың халық әні «Бесік жыры» Gurwen қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіліп үйретілді. «Бесік жырының» ырғағы ұлттық аспаптардың  сүйемелдеуімен орындалды. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалары орындалды. Наурыз айының 22-де күн мен түннің теңелетіндігін дәлелдеп шағын көрініс қойды. Рефлексия «Саусақтар» онда оқушылар сабақты түсіну, түсінбегеніне байланысты ұнатқан саусағына жүзік салу тапсырылды. Әр оқушының алдарына саусақ салынған суреттер таратылды.

 

 


Похожие публикации:

25 март 2017 сабақ кестесі
23 март 2017 "Сыр сұхбат"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив