14.03.2024 жылы "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығында 5 сынып оқушысы Түркестан Кәусар аудандық көрме байқауынан ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Темирова Сауле Турсбековна Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани -адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру, балаларды қосымша біліммен қамту. Құттықтаймыз!👏👏👏
"Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ-де Аталар мектебі жобасы аясында 4 сыныптардың қатысуымен «Аталар сөзімен өніп өскен. Бабалар үнімен нәр алған. Даналар өсиетінен нәр алған, Ұлылар өсиетіне тағзым еткен. Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен" атты тақырыпта аталармен кездесу өтті. Мақсаты: Халқымыздың рухани мұрасын барынша мол қамтып, бабалар айтқан асыл сөзді ұрпаққа аманат ету. Осы парызды өтеу үшін ардагерлер, аталар ұлағатты ұстаздар өнегесін жастарға көрсете білу.
2024 жылдың 14 наурызында, Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес К. Шакенов атындағы орта мектебінде Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтің әдеби мұрасын насихаттау мақсатында 8-11- сынып оқушылары арасында республикалық Әбіш Кекілбаев оқуларының ғылыми-шығармашылық байқауы өтті. Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаевтің әдеби мұрасын насихаттау; Поэзияны, прозаны сүйетін ұлттық құндылықтарымызды бағалай
Мектебімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында Наурыз мерекесін тойлауға орай бекітілген жоспарға сәйкес ұстаздар қауымы, кіші қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен Көрісу-амал шарасы ұйымдастырылды. Көрісу күні ежелден келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бұл күнде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-қолаң, туған-туыс бір-бірін дәмге шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
"Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-де 14 наурыз - Көрісу күні аталып өтілді. Оқушылар, ұстаздар жақсы, ізге тілектерімен қарсы алды. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
"Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі "КММ-де 13 наурыз күні 2"А"сынып жетекшісі Ш.Б.Нугуманова оқушылар және аналар арасында "Дәстүрді дәріптейік "тақырыбында сайыс өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайысқа оқушылар және аналар қатысып әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.Күй тартылып,әндер айтылып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
”Әлем нақты ғылымдар тілінде“ атты МИФ апталығы аясында ұстаздармен “TEZ TAP!” атты интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: логика мен эрудицияға негізделген тапсырмалар арқылы ұстаздарды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сайыс 5 кезең бойынша жүргізілді: 1-кезең: "Қазақтың қара есебі" 2-кезең: "IQgame" 3-кезең: "Тәжірибе алаңы" 4-кезең: "Бас қатырғыш" 5-кезең: "ЛЕГО құрастырғыш" Сайыс нәтижесінде: А.К.Манханова; Н.А.Имангалиева - 3 орын, М.М.Керейбаева; Г.А.Ортбаева - 2 орын;