Оқушыларға » Страница 5 » "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-13-20
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-13-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Сөз өнерінің құдіреті” облыстық эссе конкурсының аудандық кезеңі
20
сентябрь
2023
“Сөз өнерінің құдіреті” облыстық эссе конкурсының аудандық кезеңі
ҚР президентінің Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру мақсатында 8-11-сынып оқушылары арасында сырттай өткен “Сөз өнерінің құдіреті” облыстық эссе конкурсының аудандық кезеңінде “Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі”КММ-нің 10-сынып оқушысы Қайртайқызы Айзаттың жұмысы облыстық кезеңге өтті. Айзатқа облыстық кезеңнен жүлделі орын алуын тілейміз.  Айзат, жарайсың!
“Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері” атты дәстүрлі аймақтық байқау
19
сентябрь
2023
“Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері” атты дәстүрлі аймақтық байқау
2023 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ғылыми-әдістемелік “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен жазушы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған “Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері” атты дәстүрлі аймақтық байқау өтті. Аталмыш байқауға “Б. Тұрсынов атындағы орта мектебі”КММ-нің 10-сынып оқушысы Ернарқызы Анель қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Анельге әрдайым биік шыңдарды бағындыра беруін тілейміз.
Отбасы күніне орай 2-4 сыныптар 3д форматта қабырға газеттер
15
сентябрь
2023
Отбасы күніне орай 2-4 сыныптар 3д форматта қабырға газеттер
Отбасы күніне орай 2-4 сыныптар 3д форматта қабырға газеттерін жасады. Мақсаты:  Оқушылардың шығармашылық  белсенділіктерін арттыру, ой-өрістерін кеңейту.
"Ұлттық қызмет ету біліммен емес,мінезден.."
14
сентябрь
2023
"Ұлттық қызмет ету біліммен емес,мінезден.."
"Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-де Әлихан Бөкейханов: "Ұлттық қызмет ету біліммен емес,мінезден.." туралы 11 сынып оқушылары және тарих пәннің мұғалімі Сакенова Ш.О-мен бірге бірыңғай тарих сабағы өткізілді. https://youtu.be/qNYnk-rLglQ?si=FBcguFwKcw9ZQMTq
"I know everything" атты тақырыпта тимбилдинг
14
сентябрь
2023
"I know everything" атты тақырыпта тимбилдинг
2023жылдың 14-қыркүйек айында "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ-де Қазақстан халқының тілдері күні  жоспарына сәйкес ағылшын тілі мұғалімдері А.Туктубаева,А.Жакенова,Н.Имангалиева " I know everything" атты тақырыпта тимбилдинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ағылшын  тіліне деген қызығушылықтарын ояту,  белсенділіктерін арттыру.
"Язык богаство народа"атты интеллектуалдық марафон
13
сентябрь
2023
"Язык богаство народа"атты интеллектуалдық марафон
2023 жылдың 13 қыркүйек күні "Б Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-де тілдер жоспарына сәйкес орыс тілі  мен әдебиеті пән мұғалімдері  Рахметжанова.А.Ж, Сенбекова А.С,Ортбаева Г.А   5-6 сыныптарға "Язык богаство народа"атты интеллектуалдық марафон өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың тілге деген құрметін, сыйластығын ,достығын көрсету. [media=https://youtube.com/shorts/ou2OS0zRt4s?si=CsFjp-A2Y8mLJIsP]
"Ата-анаңа қоңырау шал" челлендж
13
сентябрь
2023
"Ата-анаңа қоңырау шал" челлендж
Отбасы күніне арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес, ата- аналарға қоңырау шалу челленджі өтті. Ата аналармен әңгіме барысында оқушылар жылы сөздер айтып, ең жақсы сезімдерін мойындады
"Отбасы бақытын қалай түсінесің?"  тақырыбында оқушылар арасында сұхбат
13
сентябрь
2023
"Отбасы бақытын қалай түсінесің?" тақырыбында оқушылар арасында
«Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы деген бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланың бойында адамгершілік қасиеттерінің пайда болуы, тәрбиелі болуы осы отбасында қалыптасады. Баланың тәрбиелі, инабатты болып өсуі, болашақта қоғамда өз орнын таба білуі берекелі, ынтымағы мол отбасыға байланысты. Осыған байланысты "Отбасы бақытын қалай түсінесің?"  тақырыбында оқушылар арасында сұхбат жүргізілді.
"Мақтан тұтар ұлы тұлға" атты дөңгелек стол
12
сентябрь
2023
"Мақтан тұтар ұлы тұлға" атты дөңгелек стол
12 қыркүйек 2023 жылы, "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ-де тілдер апталығының жоспарына сәйкес, "Мақтан тұтар ұлы тұлға" атты дөңгелек стол өтті. Бұл іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған.Оқушылар ақын жайлы өз ойларын ортаға салып, ақын еңбектеріне постер, кластер қорғап, өз білімдерін ортаға салды.
"Отбасы тәрбие бастауы" тақырыбында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өткізілді
12
сентябрь
2023
"Отбасы тәрбие бастауы" тақырыбында сынып жетекшілердің
"Отбасы-адам баласының өсіп, қанат жайып, түлеп ұшатын алтын ұясы"- демекші, отбасы күніне орай" Отбасы тәрбие бастауы" тақырыбында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өткізілді.  Отба­сы­­лық саясаттан бөлек отбасы­лық құн­дылықтар деген бар.  Отбасының қалыптасуына, қоғам­ның қалыптасуы тікелей байланыс­ты. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.