Оқушыларға » Страница 8 » "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-13-20
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-13-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаңа форматтағы жайдарман"
28
апрель
2023
"Жаңа форматтағы жайдарман"
28.04 2023 күні "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-нің оқушылары, Шар "Фристайло" командасы Қалбатау ауылына барып, Жастар үйінде өткен, Жарма аудандық "Жаңа форматтағы жайдарман" жартылай финал ойынында жақсы өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Шар "Фристайло" жайдарман тобын жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ай-шашу" би тобы
27
апрель
2023
"Ай-шашу" би тобы
Жарма аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "1 мамыр Халықаралық бірлік күніне" орай өткен Ұлттардың би жарысынан "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-нің "Ай-шашу" би тобы жүлделі 2-орынды иеленді, жетекшісі Байтуганова Айнагуль Кайратпековна. "Ай-шашу " би тобын жеңістерімен құттықтаймыз!
«Ұлылар әлемі» эссе жазу бағамы
26
апрель
2023
«Ұлылар әлемі» эссе жазу бағамы
26.04.23 күні «Б. Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ-де ХХІV республикалық Абай оқуларының аймақтық кезеңіне «Ұлылар әлемі» эссе жазу бағамы бойынша 8-10-сынып оқушылары арасында іріктеу кезеңі өтті.  Нәтижесінде:  1-орын—9 А сынып оқушысы Қайртайқызы А.  2-орын—10-сынып оқушысы Біржанқызы А.  3-орын—8-сынып оқушысы Сайлаубек А.  1-орын алған оқушы Қайртайқызы Айзат аймақтық Абай оқуларына жолдама алды.
"Білім шыңының баспалдағы-бастауыш" атты тақырыппен бастауыш сыныптар апталығының ашылуы
24
апрель
2023
"Білім шыңының баспалдағы-бастауыш" атты тақырыппен бастауыш сыныптар
24 сәуір күні "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі"КММ-де "Білім шыңының баспалдағы-бастауыш" атты тақырыппен бастауыш сыныптар апталығының ашылуына байланысты тізіліс өтті.  Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлықтарын арттыру.  Апталықтың ашылу салтанатында оқушыларды жоспармен таныстыра отырып, түрлі ойындар, жұмбақтар мен өлеңдер оқылды. Оқушылар белсене қатысты.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс
19
апрель
2023
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс
19 сәуір 2023 жылы мектебімізде Жарма аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры А.М.Акимбаева, Жарма АПБ ЖПКБ КТБ инспекторы полиция лейтенанты Е.М.Алпысбаев, Шар қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушы маманы Г.С.Аринова, Шар қаласы әкім аппаратының бас маманы, заңгер А.Р. Мустафинаның қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өтті. Мақсаты: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның аудандық кезеңі
15
апрель
2023
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның аудандық кезеңі
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумның аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары төмендегідей жүлделі орындарға ие болды: «Мен мамандықты... таңдаймын» номинациясы бойынша 9 сынып оқушылары Қайртайқызы Айзат, Серікқазы Ислам, Баяхметова Мөлдір «Шығармашылық мамандықтың қырлары» тақырыбы - ІІІ орын ( қазақ, орыс, ағылшын тілінде) Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
«Құстар біздің досымыз»
14
апрель
2023
«Құстар біздің досымыз»
«Құстар біздің досымыз» атты 1«а»сыныбында тәрбие сағаты өтті . Оқушыларға Қазақстанда қандай құстар мекендейтіні олардың пайдасы туралы балалардың тақпақтары, шағын шығармалары оқылып кітапханада Құстар туралы кітаптар бар екені туралы олар жайлы көп мағлұматтар берілді
Шахмат челленджі
13
апрель
2023
Шахмат челленджі
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 сәуірінде Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі КММ-де зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ететін челлендж өтті  #шахматчеллендж
Облыстық "Өлкетану сағаты"
11
апрель
2023
Облыстық "Өлкетану сағаты"
Облыстық "Өлкетану сағаты" онлайн олимпиадасында 3 орын алғаны үшін Жарма ауданы, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сайлаубек Ақниет марапатталады. Жетекшісі: Бутабаева Жанаргуль Орысбаевна. Жеңімпазымызды құттықтаймыз!